​«Менің мектебім буллингке қарсы» » КГУ "Озерская средняя общеобразовательная школа"
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Озерки жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
январь
2026

​«Менің мектебім буллингке қарсы»

«Менің мектебім буллингке қарсы» флешмобы Бүгін, 19-шы қыркүйек күні, мектебімізде «Менің мектебім буллингке қарсы» атты флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнатып, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Флешмоб барысында оқушылар бейбітшілік пен татулықты насихаттайтын ұрандар көтеріп, бірлік пен түсіністікті бейнелейтін түрлі көріністер көрсетті. Сонымен қатар, буллингке қарсы үндеулер айтылып, достық пен өзара сыйластықтың маңыздылығы туралы пікірлер ортаға салынды. Бұл шара оқушыларға үлкен әсер қалдырып, мектепте қауіпсіз және жайлы атмосфера қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды. Біз әрқашан бірлікте болып, буллингке жол бермейміз! *Жаңасемей ауданы* #Адал_азамат_Абай_облысы_Жаңасемей #АПҚО_Абай_облысы_Жаңасемей #Ұлттық_сезім_Абай_облысы #Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Жаңасемей #Абай180жыл_Абай_облысы_Жаңасемей #Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Жаңасемей