08 декабрь 2025 0 1 2 3 4 5 “Мәтiнмен жұмыс түрлері” атты мұғалімдерге арналған әдістемелік семинар-практикумы “Озерки ЖОББМ” КММ-де Қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығының жоспарына сай “Мәтiнмен жұмыс түрлері” атты мұғалімдерге арналған әдістемелік семинар-практикумы өтті. Іс-шара барысында түрлі мәтін түрлерімен жұмыс жасау жолдары, оқушының оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған әдіс-тәсілдер талқыланды. Семинардың мақсаты: •Мұғалімдерге мәтінмен жұмыс жүргізудің заманауи, нәтижелі тәсілдерін ұсыну; •Оқу түсінуді дамытуға бағытталған әдістерді тәжірибе жүзінде көрсету; •Оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіретін тапсырмалармен бөлісу; •Мәтін мазмұнын талдау, салыстыру, қорытындылау дағдыларын қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасу; 🖊️Іс-шара барысында қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, бір-бірімен әдіс-тәсілдермен алмасып, өз тәжірибелерін толықтырды. Мұндай семинарлар мұғалімдердің кәсіби дамуына серпін беріп, оқу процесінің сапасын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз. *Жаңасемей ауданы* #Адал_азамат_Абай_облысы_Жаңасемей #АПҚО_Абай_облысы_Жаңасемей #Ұлттық_сезім_Абай_облысы #Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Жаңасемей #Абай180жыл_Абай_облысы_Жаңасемей #Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Жаңасемей