03 февраль 2026 0 1 2 3 4 5 Қыз балаларға арналған танымдық-тәрбиелік кеңес Мектебімізде қыз балаларға арналған танымдық-тәрбиелік кеңес ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – қыздардың өзін-өзі бағалауын арттыру, жеке гигиенаны сақтау, сыпайылық, әдептілік, қауіпсіз мінез-құлық және өзара сыйластық туралы түсініктерін қалыптастыру болды. Кеңес барысында мектеп психологы мен әлеуметтік педагог қыз баланың қоғамдағы рөлі, өз құқығын білу, қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау жолдары жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сұрақтар қойып, пайдалы кеңестер алды. Мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар #Адал_азамат_Абай_облысы_Жаңасемей #АПҚО_Абай_облысы_Жаңасемей #Ұлттық_сезім_Абай_облысы