«Менің мектебім буллингке қарсы»
«Менің мектебім буллингке қарсы» флешмобы Бүгін, 19-шы қыркүйек күні, мектебімізде «Менің мектебім буллингке қарсы» атты флешмоб ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – оқушылар арасында достық қарым-қатынас орнатып, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Флешмоб барысында оқушылар бейбітшілік пен татулықты насихаттайтын ұрандар көтеріп, бірлік пен түсіністікті бейнелейтін түрлі көріністер көрсетті. Сонымен қатар, буллингке қарсы үндеулер айтылып,