13
январь
2024
Әдістемелік кеңес отырысы
2023 жылдың 10 қаңтар күні «Озерки ЖОББМ» КММ-нің оқу-тәрбие жұмыс жоспары бойынша әдістемелік кеңес отырысы өтті. Отырыста 2023-2024 оқу жылының 1-жартыжылдық қорытындысы бойынша және оқушылардың оқу үлгерімі, білім сапасын көтеру жолдары туралы мәселе қарастырылды. Әр пән бірлестігінің жетекшісі жартыжылдық бойынша жасалған жұмыс жөнінде ақпаратпен таныстырып, білім сапасын көтеру мәселесі бойынша ой-пікірлерімен бөлісті. Әкімшілік тарапынан келесі тоқсанда оқушылармен қосымша жұмыс жүргізу, білім сапасын көтеру жұмыстарын күшейту керектігі жөнінде ұсыныс жасалды.



