06
ноябрь
2023
"Отбасылық дәстүрлер"
"Озерки ЖОББМ"
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Қазақстан балалары- күзгі интерактив!" атты іс-шаралар жоспарына сәйкес 10"А"-11 "А" сынып ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста ата- аналар мектепте құрылған “Ата аналарды педагогикалық қолдау” орталығының мақсат, міндеттерімен, өткізілетін іс- шаралар жоспарымен танысты. Сондай-ақ, күзгі, қысқы уақыттардағы қауіпсіздік ережелері туралы мәлімет алды.
Жиналыс "Отбасылық дәстүрлер" тақырыбындағы тренингпен жалғасты.
Шараның мақсаты:
* Ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту;
* Заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүріміздің көнермейтіндігін түсіндіру, ұлттық мұраны қайта жаңғырту;
* Халқымыздың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі арқылы оқушылардың бойында асыл да адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
Жиналыс ерекше форматта өткізілді.
Ең алдымен іс-шара салт-дәстүрмен байланысты болғандықтан, ата-аналарды "Арқан тарту" дәстүрімен қарсы алып, келген қадамдарына шашу шашылды.
Тренинг барысында киелі шаңырақ ұғымымен байланысты қазақтың ұлттық киіз үйінің ағаш қаңқасын құрастыру (шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық) арқылы тапсырмалар орындалды.
Шара барысында ата-аналар топпен бірлесе отырып, белсенді жұмыстар атқарды.
Ата-аналар өздерінің отбасы тәрбиесіндегі тәжірибелерімен бөлісті.
Тренинг соңында ата-аналар кері байланыста, "Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас" деп Абай атамыз айтқандай, "Өрнек тоқу" әдісі арқылы өрнекті жіппен де, көркем сөздермен де әдемі өрнектей отырып,
іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.
Шараны өткізген сынып жетекшілер Асемгуль Кумарбековна мен Ақмарал Қанатжанқызына ата-аналар алғыстарын жаудырып, жылы лебіздерін білдірді.