Біз туралы » Страница 11 » КГУ "Озерская средняя общеобразовательная школа"
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Озерки жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Robotek Grand Tournament облыстық чемпионаты.
22
ноябрь
2023
Robotek Grand Tournament облыстық чемпионаты.
18.11.2023ж облыстық Robotek Grand Tournament чемпионатының қалалық кезеңіне информатика пәнінен (программалау 14+)  санатында 9 «Б» сынып оқушысы Мокшенинова Виктория қатысып 3 орынды иеленді. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жетекшісі: Бессуднова Марина Давыдовна.          18.11.2023 г прошел городской этап областного чемпионата Robotek Grand Tournament. В программирований 14+  ученица 9 «Б» класса Мокшенинова Виктория заняла призовое 3 место. ПОЗДРАВЛЯЕМ! Руководитель:  Бессуднова Марина Давыдовна.
Мектебіміздің олимпиадаға қатысушыларына сәттілік, шабыт тілейміз!
20
ноябрь
2023
Мектебіміздің олимпиадаға қатысушыларына сәттілік, шабыт тілейміз!
2023 жылдың 20 қарашасы күні Семей қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №3 жалпы орта мектебінде болған ауыл мектептерінің 9 – 11 сынып оқушыларына арналған жалпы орта білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ашылу салтанатына «Озерки ЖОББМ» КММ мектебінің оқушылары қатысты.  Пәндер бойынша олимпиадаға 18 оқушы тіркелген.  Мектебіміздің олимпиадаға қатысушыларына сәттілік, шабыт тілейміз! # auylolimpiadasy #  Ауыл _ олимпиадасы _ 2023 @abai_bilim_basqarmasy @abai_daryn_
Құттықтаймыз!!!
08
ноябрь
2023
Құттықтаймыз!!!
2023 жылы 6 - қазан күні физика -математика ғылымдарының докторы, профессор Т. М. Амановтың туғанына 100 жыл толуына орай математика пәнінен өткізілген олимпиаданың қалалық кезеңінде "Озерки ЖОББМ" КММ 9 "А" сынып оқушысы ИГЛІКОВА СЫМБАТ ЕРМЕКҚЫЗЫ 3 - орын алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Жетекші: Бокаева Гульден Джанахметовна
"Отбасылық дәстүрлер"
06
ноябрь
2023
"Отбасылық дәстүрлер"
"Озерки ЖОББМ" "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Қазақстан балалары- күзгі интерактив!" атты іс-шаралар жоспарына сәйкес 10"А"-11 "А" сынып ата-аналарымен  жиналыс өткізілді. Жиналыста ата- аналар мектепте құрылған “Ата аналарды педагогикалық қолдау” орталығының мақсат, міндеттерімен, өткізілетін  іс- шаралар жоспарымен танысты. Сондай-ақ, күзгі, қысқы уақыттардағы қауіпсіздік ережелері туралы мәлімет алды.  Жиналыс "Отбасылық дәстүрлер" тақырыбындағы тренингпен жалғасты.  Шараның 
"Жас маман" мектебінің кезекті отырысы
03
ноябрь
2023
"Жас маман" мектебінің кезекті отырысы
Күзгі демалыста іс-тәжірибе алмасу мақсатында "Жас маман" мектебінің жоспары бойынша кезекті отырысы ұйымдастырылды. Отырыс барысында қолайлы ахуал туғызу мақсатында жас маман мектебінің жетекшісі Марина Давыдовна тренинг өткізіп, "Функционалдық сауаттылық" тақырыбында Альмира Мырзабаевна өз тәжірибесімен бөлісті.
Құттықтаймыз!
31
октябрь
2023
Құттықтаймыз!
2023 жылдың 14 – қазанында өткен 2 – 7 сынып оқушылары арасында   Республикалық «Зерде» зерттеу жобалары конкурсының қалалық  кезеңінде мектебіміздің 10 оқушысы өз жобаларымен қатысып, өз жұмыстарын қорғады.    Жүлделі орындарға ие болған  3 «А»  сынып оқушысы Бексултанов Айбарды (3 – орын; жетекшісі Бексултанова Айгуль Куандыковна) және   5 «А» сынып оқушысы Ерзатқызы Нұрайды ( 3 – орын; жетекшісі Мусабаева Тамаша Рысбековна)  құттықтаймыз!  Оқушыларымыздың  бағындырар биіктері көп болсын!   
Құттықтаймыз!
18
октябрь
2023
Құттықтаймыз!
13-14 қазан күндері Шымкент қаласында балалар арасында Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасының біріншілігі өтті. Аталған біріншілікте мектебіміздің 1 "А" сынып оқушысы Есбол Нұрым Абай облысы атынан өнер көрсетіп,  3-орын иеленді. Құттықтаймыз!
«АБАЙ ОБЛЫСЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ IT-ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ» тақырыбында информатика және робототехника педагогтарының I съезі
09
октябрь
2023
«АБАЙ ОБЛЫСЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ IT-ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ
06.10.2023 ж. Alikhan Bokeikhan University- де «АБАЙ ОБЛЫСЫ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ IT-ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ» тақырыбында информатика және робототехника педагогтарының I съезі өтті. Мектебімізден информатика пәнінің мұғалімі Бессуднова Марина Давыдовна «Phyton бағдарламалау тілінде  күрделі тақырыптарды талдау» тақырыбында облысымыздан келген педагогтерге шебер-сынып өткізіп, Абай облысы білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды. Жеңістеріміз көп болсын!
Сведения о педагогах  КГУ «Озерская средняя общеобразовательная школа» на 2022-2023 учебный год
14
июнь
2023
Сведения о педагогах КГУ «Озерская средняя общеобразовательная
Сведения о педагогах КГУ «Озерская средняя общеобразовательная школа» № ФИО педагога Преподаваемый предмет Стаж работы Категория 1 Бексултанова  Айгуль Куандыковна начальные классы 25,8 педагог-эксперт  2 Чужебаева Лемира Омарбековна начальные классы 6,10 3 Алипбаева Сандугаш Бегембековна начальные классы 7,11 педагог-эксперт 4 Куатпаева Асем Газезовна начальные классы 1,3 5 Козенко Татьяна Николаевна начальные классы 15 6 Турганова  Назгуль Джанахметовна   начальные классы 9,3
Жұлдыздар шеруі
30
май
2023
Жұлдыздар шеруі
Бүгін Семей қаласының білім бөлімі 2022-23 оқу жылында жетістікке жеткен оқушыларға арналған шеру өткізді. Озерки жалпы орта білім беретін мектебінің халықаралық, республикалық, облыстық жарыстармен конкурстардың жеңімпаздары атанған оқушылары да, дарынды оқушылары да дарынды оқушылар шеруіне қатысты.