03 февраль 2026 0 1 2 3 4 5 Құттықтаймыз!! 8 «А» сынып оқушысы Берікбол Бекнұр Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысына қатысып қайтты. Аталған маңызды жиында оқушы жастардың белсенділігі, көшбасшылық қабілеттері мен қоғамдық өмірге араласуы мәселелері талқыланды. Берікбол Бекнұр іс-шара барысында өз белсенділігін танытып, тәжірибе алмасып, жаңа бағыттар бойынша құнды ақпарат алды. Осындай мазмұнды отырысқа қатысқаны және азаматтық белсенділік көрсеткені үшін сертификатпен марапатталды. Жас жеткіншектің алдағы уақытта да осындай қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысып, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз! 🌟 Құттықтаймыз! 🎉 Жаңасемей ауданы