"Мейірімді сөздер" бәйтерегі акциясы
“Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі” апталығының жоспарына сәйкес “Мейірімді сөздер” бәйтерегі акциясы өткізілді. Мейірімділік – адамзаттың ең үлкен күші. Ол адамдар арасындағы байланысты нығайтып, сенім мен түсіністік орнатады. Шынайы мейірімділік – тек сөзбен емес, жүректен шыққан шынайы іс-әрекетпен көрінеді. Әлемді жақсартудың ең қарапайым жолы – айналаға жылулық пен қамқорлық сыйлау.