14
сентябрь
2022
Мектеп асханасы




Оқушыларды тамақтандырудың сапасын бақылау бойынша бракераждық комиссия құрамы мен ата аналар қауымы, қамққоршылық кеңес мүшелері мектептің асхана жұмысына тексеру жүргізді. Ыстық тамақ талапқа сай, ас мәзірінің 1 аптасының сейсенбі күнгі ас мәзіріне сәйкес берілді. Оқушылардың қол жууына, қол кептіруіне жағдай жасалынған.Асханаға кіре берісте қол жууға арналған қол жуғыш раквина бар.
Әрбір оқушы тамақтанар алдында қолын жууға дағдыланғандығы байқалды.
Мектеп медбикесі таңертеңгі піскен тамақтың сынамасын алып, тексеріп, арнайы бракераж журналына жазып қойған. Мектеп асханасы 5 күндік жұмыс кестесімен, 1 ауысымда жұмыс жасайды. Тегін тамақпен қамтамасыз етілген жағдайы төмен отбасындағы балалар саны -62. Сондай-ақ, оқушылардың ата-анасының ақшасына сатып алып ішулеріне жағдай жасалынған. Оқушылардың тамақтану кестесі жасалынған. Асханада жауапты мұғалімдер кезекшілікте тұрды.
Асханада 3 адам жұмыс жасайды. Медициналық бақылаудан өткен, санитарлық кітапшалары реттелген, арнайы киімдермен қамтамасыз етілген. Вакцинация паспорты бар. Тексеру кезінде шикі тағам сақтайтын бөлмелердің тазалықтары, азық-түліктердің сақталу мерзімінің дұрыстығы, сүт, май, ет тағамдарының тоңазытқышта сақталу жайы да тексерілді. Бракераждық комиссия мен ата- аналар қауымы тарапынан асхана жұмысына бірнеше ескертулер айтылды: мұғалімдерге арналған буфеттік тағамдардың бетін жабу; тамақ суып қалмау үшін дер уақытында үстелге дайындау; ақшаға сатып алатын буфеттік тағамдардың түрін дайындау.