Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы
Егеменді алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы – білім жүйесі.Ертістің жағалауындағы орналасқан Озерки ауылындағы білім ордасы Қазақстанның дарынды ұрпақтарына жан-жақты білім мен тәрбие беріп келе жатқанына биыл 35 жыл толып отыр. Осы жылдар ішінде білім шаңырағы қазақ деген ұлтымыздың қаймағын дайындап шығаратын қасиетті қара шаңыраққа айналды. Мектептің тарихынан сыр шертсек, 1987 жылы тамыз айында Семей облысының Озерки ауылында «Озерки жалпы орта білім беретін мектебі» салынды.
Мектептің бірінші директоры болып Ульянова Нина Ивановна тағайындалды. Ол көптеген жылдар бойы ескі мектепте жұмыс істеді.
1987 жылдың қараша айында мектеп директоры Б.Д.Сембаев болды. Мектеп ашылғанынан сан қыранды өмір өлкесіне самғатқан алтын ұямызда құрылған күннен бастап, көптеген білімді де, тәжірибелі, ұлағатты ұстаздар еңбек етті. Олар тек ауданда ғана емес, облыста да танымал. Олар: Е.У. Уристемов физика және астрономия мұғалімі, У. Е Цыкунова химия және биология мұғалімі, А.Е. Шубкина география мұғалімі, Е.Э. Кун математика мұғалімі, Ф.Д. Мусина қазақ тілі мұғалімі, Г.И. Беловодова бастауыш сынып мұғалімі, Э.В. Нескуба бастауыш сынып мұғалімі, Т.М. Иванищева неміс тілі және ағылшын тілі мұғалімі,
Г.М. Бектемирова бастауыш сынып мұғалімі, Г.С. Китаева бастауыш сынып мұғалімі, М.Р. Карашева ағылшын тілі мұғалімі, Н.В. Цыкунова бастауыш сынып мұғалімі, Т.А. Сембаева орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Н. Г. Кулакова бастауыш сынып мұғалімі, О.А. Горячева сызу және бейнелеу өнері мұғалімі.
Озерки ЖОББМ-де шағын орталық, мектепалды даярлық тобымен бірге алғанда 400 бала бар. Мектепте оқушылардың білім алуына, спортпен шұғылдануына, жан – жақты тұлға болып қалыптасуына барлық жағдай жасалған. Мектеп аралас екі тілде оқытылады.Оқу тәрбие жұмысын жүргізуге арналған оқу кабинеттері, оның ішінде қайта жабдықталған биология, робототехника, физика, информатика, кабинеттері бар. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейне бақылау камералары қойылған. Мектеп түлектері мектеп өміріне белсене араласып демеушілік жасап отырады. Мектеп түлектері, бизнес өкілдері осы кісілердің демеушілігімен мектепте бірқатар құрылыс жөндеу жұмыстары атқарылды. Мектеп даңқын шығарып жүрген мектеп түлектері атақты спортшылармыз қаншама.Түлектеріміз республикамыздың әр түпкірінде қызмет жасап, еліміздің өркендеуіне үлес қосуда. Есімін мақтанышпен айта алатын түлектеріміз:
А. Балуанов-ветеринария саласы қызметкері, Р.Шильдебаев-депутат,
А.Ибраева - №40 мектеп директоры. Е.Тюнин - «Кирилл» шаруа қожалығы басшысы. Атап айта берсек өте көп. Озерки мектебінің ұжымы және оқушылары олимпиадалар, конкурстар, спартакиадалар мен жарыстарда жетекші орындарды иеленді. Ауыл балаларының бос уақытын ұйымдастыруда мектеп мұғалімдері аула клубтары мен 18 түрлі үйірме өткізеді. Озерки мектебі ШҚО облысы бойынша шайбалы хоккейдің бірнеше рет «Алтын шайба» жеңімпаздары. Мектеп оқушылары футбол, шайбалы хоккей және шаңғы жарыстарынан үнемі жүлделі орындарда.
Ғылыми жобалар бойынша: химия, биология, экология, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жетістіктерге жетуде. Мектеп оқушылары ауыл балаларына арналған «Мың бала» олимпиадасының жүлдегерлері. Биылғы жылы қазақ тілі пәні бойынша 10 «Б» сынып оқушысы Козенко Анастасия облыстық олимпиада бойынша 1 орын алып республикалық олимпиадасында жақсы нәтиже көрсетті.
Шәкерім университеті мұғалімдері бірлесе, мектеп ауласын гүлдендіру 2 жыл бойы жақсы нәтиже көрсетіп келеді.
2019 жылдың желтоқсан айынан бастап Озерки жалпы орта білім беретін мектебінің директоры Б.К. Турганбаева.
Біздің басты мақсатымыз мектебімізге ақын, жазушы, фольклоршы, композитор Шәкір Әбеновтың есімін алу. Мектебімізге Ш.Әбенов есімі берілсе, ақын жазушыға арнап , мектеп түлектерінің демеушілігімен мұражай ашу жоспарымызда бар.











