10
март
2020
"Ең үздік сынып жетекші- 2020"
20 ақпан күні мектепте сынып жетекшілер арасында озық тəжірибелерді тарату мақсатында "Ең үздік сынып жетекші- 2020" сайысы өтті. Сайыс қорытындысы бойынша "Бас жүлдені" 2 б сынып жетекшісі Жунусканова Г.С. 1 орынды 6а сынып жетекшісі Талдыбаева А.К. , 2 орынды 10 б сынып жетекшісі Сулейменова З.Д. 3 орынды 9а сынып жетекшісі Бессуднова М.Д. қанжығаларына байлады. Ал Турганова Н.Д. "Шығармашыл ұстаз", Хайдарова Д.К. "Жаңашыл сынып жетекші", Еңбек Ж.Қ. "Ізденімпаз сынып жетекші" номинацияларымен қоржындарын толтырды. Мектеп əкімшілігі қатысушыларға алғыстарын айтып , жұмыстарына шығармашылық табыс тіледі.