СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ – 2023 ЖЫЛ!!!
СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ – 2023 ЖЫЛ!!!
Өз өмірін мектеппен байланыстырған әрбір жан үшін Қоңырау үнi - ерекше болып саналады. Себебі бұл үн бiлiм кемесi – мектеп қабырғасынан шыққан әрбiр адамның құлағына таныс, жүрегiне жақын. Алғашқы қоңырау – балалық арманыңды жетелеп, бiлiм алып, мақсатыңды айқындауға шақырса, соңғы қоңырау үнi – кәмелетке толып, оң-солын танып, қанаттанған бозбала мен бойжеткендердi арман биiктерiне ұшырып, ең үлкен өмiр мектебiне шығарып салады.
Биылғы соңғы қоңырау мерекесі ерекше, себебі Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің шешімімен соңғы қоңырау меркесі Халықаралық балаларды қорғау күнімен тұспа тұс келіп тұр. Президент өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, сондықтан да өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылады.
Биылғы оқу жылындада оқушыларымыздың мектеп абыройын асқақтатып, әр-түрлі деңгейдегі қатысқан іс-шаралармен сайыстар жеткілікті болды.
Міне, тағы бір оқу жылын тарих қойнауына жібергелі отырмыз. Бұл жолда жасалған еңбек пен атқарылған абыройлы міндет өз жемісін берді.Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, 1ші сыныптан 2ші сыныпқа аяқ басқан бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін!!! 2022-2023 оқу жылының аяқталуымен!


