13 февраль 2025 0 1 2 3 4 5 “Абай Мергені- 2025” 12.02.2025 ж. “ Біртұтас тәрбие” бағдарламаны жүзеге асыру аясында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған “Абай Мергені- 2025” аудандық әскери- патриоттық турнирі өтті. Мақсаты: мықты мергендерді анықтау және олардың ату шеберлігін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу және жауынгерлік сезімін қалыптастыру. Қатысушылар: “Бұлақ жалпы орта мектебі”, “С. Бегалин жалпы орта мектебі”, “ Шүлбі жалпы орта мектебі”, “Бөкенші жалпы орта мектебі”, “ Б. Исадилов атындағы жалпы орта мектебі”, “ Жарқын жалпы орта мектебі”, “Озерки жалпы орта мектебінің” оқушыларының топтары. Турнир екі кезеңнен тұрды. 1 кезең - тіреумен ату. 2 кезең - тіреусіз ату. Жалпы турнирдің нәтижесі бойынша “ Бұлақ орта мектебі”- 1 орын, “ С. Бегалин орта мектебі”- 2 орын. “ Шүлбі орта мектебі”-3 орын алды. Қатысушылар кубокпен, медальмен және дипломдарымен марапатталды. Жаңасемей ауданы #Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Жаңасемей #АПҚО_Абай_облысы_Жаңасемей