17
март
2024
«Балдырған» ересек тобында ашық ұйымдастырылған іс-шара
«Балдырған» ересек тобында ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті өтті. Міндеті: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру. Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру. Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Тәрбиеші: Серикмухаметова Ұлпан Халелқызы.