17
март
2024
Наурыз–мейірім мен қайырымдылық мерекесі
Наурыз–мейірім мен қайырымдылық мерекесі. 15 - наурызда Озерки орта мектебінің
2 «А» сыныбында «Қайырымдылық» күні атап өтілді.
Оқушыларға бұл күн еліміздің халқын мейірімділік пен тату көршілікке шақыру, мұқтаж жандарға қол ұшын созу, кімге болсын құшағын жайып, қонақжайлық көрсету – қазақтың қанында бар қасиет екені туралы түсінік берілді. Бұл қасиеттерді бала бойына барынша сіңіру, кеңінен насихаттау, қадірін арттыру мақсатында сынып ата – аналары белсене атсалысты. Ұлттық киімімізбен жарапазан шырқап келген аналар наурыз шашуын шашып, қайырымдылық пен мейірімділік туралы тамаша әңгіме айтып, мерекемен құттықтады.


