2023 жылдың көрсеткіші » КГУ "Озерская средняя общеобразовательная школа"
Абай облысы білім басқармасының
Жаңасемей ауданы білім бөлімінің
"Озерки жалпы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
декабрь
2023

2023 жылдың көрсеткіші

2023 жыл біздің "Озерки ЖОББМ" КММ-сі үшін табысты жыл болды. Ең басты құндылығымыз: білім мен тәрбие берудегі ортақ міндетімізді ұжымымыз бен ата-аналарымыз түсіністік пен келісімде атқарып шықтық деп айта аламыз. Мектеп оқушылары қалалық және облыстық деңгейде өткен олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысына үнемі қатысып, жүлделі орындар иеленеді. Мектеп оқушылары 2 жыл қатарынан «Мың бала» республикалық олимпиадасының жүлдегерлері атанды. Олимпиада жеңімпаздарын дайындауда тұрақты еңбек етіп келе жатқан ұстаздарымыз; Г.Бокаева,Т.Мусабаева,З.Сулейменова, А.Бексултанова, М.Бессуднова, Ш.Аманжолова, Н.Есімбекова, Қ.Сығаева,А.Талдыбаева,З.Шинжина өз істерінің білгір мамандары Л.Райстанова, Г.Абдуахитова, С.Каримова, Р.Каримов,М.Кадырғазыұлы, А.Шинжин және тағы да басқа әріптестерімнің есімін мақтанышпен айтамын. Сондай-ақ, мектеп бітіруші 17 түлегіміздің 14-і мемлекеттік грантқа ие болды. Педагогикалық идеялар сайысының қалалық кезеңіне 8 әріптесіміз қатысып, 4-уі жүлделі орындарға ие болды. Бастауыш сынып мұғалімі Еңбек Жансая облыстық кезеңде 2-ші орын иеленді. Ұлы Абай бабамызды дәріптеу мақсатында өткен сайыстың қалалық кезеңінде ұстаздар мен ата-аналарымыз бірлесе қатысып, жүлделі 1-орын, облыстық кезеңінде де 1-ші орын иеленді. Биологиялық орталық пен "Исток" балалар мен жасөспірімдерді қолдау орталығы өткізген іс -шаралар мен "Үздік мектеп ауласы" конкурстарына мектебіміздің химия-биология пәні мұғалімі З.Сулейменова үнемі қатысып, оқушыларымен бірге жүлделі орындар иеленуде. Соңғы жылдарда мектебімізге "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен жаңа толқын жастар келді. Барлық жас мамандарымыздың болашағынан үлкен үміт күтемін.Жас мамандардың білім беру саласына келуі қуантарлық жағдай. Жас мамандарды бейімдеу, әдістемелік көмек көрсету мақсатында "Жас маман" мектебі жұмыс жасайды. "Жас маман" мектебінің жетекшісі информатика пәні мұғалімі М. Бессуднова облыстық тамыз мәслихатында тәжірибесімен бөліскен. Қазақстан Республикасы "Демеу" қоры қолдауымен биыл мектебімізде өте үлкен жұмыстар атқарылды. -Бірнеше жылдан бері күрделі жөндеу қажет етіп отырған мектеп шатыры жаңадан жасалынды. - Мектеп ауласына балалар алаңы салынды. -Мектепте әрбір кабинет жаңа жиһаздармен жабдықталды. Жалпы саны; 74 шкаф, 20 мұғалім үстелі, 26 дидактикалық үстел, 21 интерактивті тақта, ЛЕД- экран, 367 парта мен оқушылар киім ілуге арналған шкафтар мен шағын орталық жиһаздары мен спорттық қажетті заттар әкелінді."Демеу" қорына демеушілік көрсеткені үшін үлкен алғыс білдіреміз. 2024 жаңа жылды жаңа леппен, өзімізге деген мемлекет тарапынан қолдауды сезіне отырып бастағалы отырмыз. Абай облысынің білім басқармасы қолдауымен"Ауыл -ел бесігі" бағдарламасымен мектеп терезелері толығымен жаңартылды. Сондай-ақ, мектеп әжетханалары бүгінгі күннің талабына сай жөндеуден өтті. Мен үшін әрбір әріптесім қымбат, олардың еңбегі өлшеусіз екеніне күннен -күнге көзім жетуде. Мен олардың әрқайсының көзінен өз мамандығына деген шексіз сүйіспеншілік пен ұшқынды көремін. Сол ұшқынды ортақ жұмысымыз - білім мен тәрбие жұмысына , мектебіміздің өркендеуіне пайдалануға тырысамын. Бұл жыл да тарих қойнауына кетуіне санаулы күндер қалды. Келер жыл 2024 жыл барша халқымыз үшін аманшылық пен тыныштық жылы болсын!​​​